МТРА жаңалықтары

Жерлес бишілердің жетістігі

Михаил Лахтин – “Туған жер” халық би ансамблінің жетекшісі.

-Өз кезегінде бұл сайыс халық хареографиясынан әлем чемпионаты іспеттес болды. Өйткені мұнда 21 елдің өкілдері қатысты. Және де байқау әлемдік шаралардың үздік ондығына кіреді. Сол себепті де ел намысын қорғауға барған “Туған жер” халық би ансамблінің бағындырған биіктері мақтан тұтарлық.

Жерлесіміздің кәріс халқына ұсынған қазақтың бұл ұлттық биі әділ қазылардың көңілінен шығыпты. Ұжым еншілеген қос сыйлықтың бірін ансамбльдің белді солисті Самат Жұмажанов иеленген.

Самат Жұмажанов – “Туған жер” халық би ансамблінің солисті.

-Жаздық демалыстан шыға салып фестивальге дайындалдық. Уақытымыздың аздығына қарамастан, алдымызға қойған жоспарды орындадық. Мен күткенімдей емес, сайыс өте қиын болды. Қарсыластырдың дайындығы жоғары болғандықтан, біраз қобалжыдық. Бірақ менің алдымдағы мақсат – Қазақстанның атынан өнер көрсеткендіктен, елімді жерге қаратпау болды.

 

“Туған жер” бишілері басқа елдердегі әріптестерімен тәжірибе алмасып қана қоймай, қазақтың ұлттық биін шетелдіктерге таныстырып келді. Айта кететін жөн, жерлестерімізге қызығушылық танытқан шетелдік әртістік агенттіктер де болыпты. Сөйтіп, солтүстікқазақстандық өнер иелері Черногория, Бангладеш сияқты елдерге шақырту алған.