Спорт

СҚО еншісінде алтын мен күміс

Виталий Делль – Батут пен акробатикалық жолда секіруден жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы.

-Акробатикамен 5 жасымнан айналысамын. Осы спорт түрін серік еткеніме міне, 7 жылдың жүзі болып қалды. Бұл спортқа мені анам әкелген, сол үшін оған алғысымды айтамын. Түрлі жарыстарға қатысып, бағымды сынадым. Жақында ел чемпионатына қатысып, мықты атандым. Қарсыластарым осал болған жоқ, алайда бағым жанып алтыннан алқа тағындым.

Виталий Чемпионатта 62 ұпай жинап, өңір қоржынын кезекті алтынмен толықтырған. Чемпион орындаған мұндай сальто кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Ең бастысы қимыл-қозғалыстың барлығын нақты және жинақы түрде көрсету қажет. Сонымен қатар қобалжуды жеңе білу керек дейді Виталий Делль.

Виталий Делль – батут пен акробатикалық жолда секіруден жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы.

-Акробатикалық жолға шығып әдіс жасаған кезде қобалжисың, содан кейін толқуың басылып, үйреніп кетесің.

Ел чемпионатында өңір спортшыларының негізгі қарсыластары павлодарлықтар болған. Алайда біздің құрамада мықты атанды. Виталий Делльдан басқа тағы да бірнеше солтүстікқазақстандық акробаттар жүлделі орындарға қол жеткізген.

Ринат Белогонов – СҚО батут пен акробатикалық жолда секіруден аға бапкері .

-Біздің спортшылар өте жақсы өнер көрсете алды деп ойлаймын. Өйткені чемпионатта мықты бәсекелестік болды. Акробатикалық жолда Александр Шашков бірінші, Алексей Перепадя екінші орынға қол жеткізді. Және де Мария Топорищева мықты өнер көрсетіп осыған дейінгі нәтижелерін жақсарта алды.

Сайыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте СҚО екінші орынға тұрақтады. Ендігі кезекте қараша айында өтетін әлем чемпионатына қарқынды түрде дайындалу керек дейді акробаттардың бапкері Ринат Белогонов.

Ринат Белогонов – СҚО батут пен акробатикалық жолда секіруден аға бапкері.

-Енді алдымызда әлем чемпионаты бар. Ол жарыс АҚШ-та өтеді. Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғауға Виталий Делль атанады. Ол жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп сенемін.

 

 

Риат Шони.