Мәдениет

Петропавлда “Гауһар-тас” бірінші республикалық фестиваль өтеді

Бұл жерлес сазгер Дәстен Баймұқановтың “Қазағым” әні. Дәл осы туындымен фестивальдің шымылдығы жабылмақ. Шығарманы Сегіз сері атындағы ұлттық аспаптар оркестірінің солисті Біржан Есжан орындауда. Біржан бұл өте жауапты шара. Сондықтан қазір дайындық өте қызу жүріп жатыр дейді.

Біржан Есжан, “Сегіз сері” атындағы қазақ халық аспаптары оркестірінің солисті.

-Оркестрге Сегіз сері бабамыздың 2013 жылы атын бердік. Міне бүгінгі күні үлкен шара өткізгелі жатырмыз. Галаконцерте “Қазағым” әнін орындап, баршасының рухын, намысын оятпақпын.

Өңірде алғаш рет ұйымдастырғалы тұрған “Гауһар-тас” Сегіз сері атындағы бірінші республикалық фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен ұлттық аспаптар ансамбльдері мен оркестрлері қатыспақ. Шарада 400-ге тарта музыканттар өз өнерелерін көрсетеді деп жоспарлануда. Ұйымдастырушылар осы өнер додасы арқылы қазақтың көне әндерін жарыққа шығарып, ұлттық әуендерді жаңғыртуды көздеп отыр. Концертке жерлес ақын Сегіз серінің ұрпағы мен ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері шақыртылыпты.

Қайырлы Ғафуров, “Сегіз сері” атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі.

-Фестивальге барлық еліміздің шығармашылық ұжымы келеді. Әріптестік қарым-қатынас орнатамыз. Мүмкіншіліктерімізді байқаймыз.

Ауқымды шара Н. Погодин атындағы орыс драма театрында қазанның 25-і ашылмақ. Ал, 26-сы күні галаконцертпен салтанатты түрде жабылады.

 

 

 

Бану Ахметова.