Балалар

Мемлекеттік тілді меңгеру- бүгінгі заман талабы

Виктория Говорухина- № 26 мектеп- балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

-Таңертең балаларды қабылдау «Шаттық щеңберімен» басталады. Бұл балалардың өздерін еркін ұстауға және бір-бірін сыйлауға үйретеді. Сабақ барысында біздің тәрбиешілер әр ұлттың салт-дәстүрімен таныстырады. Осының барлығы қазақ тілі, өзін-өзі тану, еңбек сабақтарында қолданылады. Мен өзім қазақ тілі сабақтарында өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы бүлдіршіндерді бірлікке, достыққа, сыйластыққа ҚР нағыз патриоты болуға тәрбиелеймін.

Виктория мектепке дейінгі білім ошағындағы өзге ұлттың балалары бастапқыда қазақша екі сөздің басын құрап айта алмайтын дейді. Қазіргі күні балғындар өзі туралы, отбасы мен балабақшасы жайлы еркін әңгімелеп бере алады.

Камила Камалова- № 26 мектеп- балабақшасының тәрбиеленушісі.

-Менің атым камила. Біздің отбасымыз үлкен. Тату- тәтті тұрамыз.

Ал Елена Давыденко Ел Президенті тағайындаған «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында 4 жыл Ұлыбританияда білімін шыңдап келген жас. Ливерпуль университетінде инновациялық менеджмент саласында білім алған ол, 2010 жылы елге оралып, қазір өңірімізге инвесторлар тартып жүр. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қағиданы ұстанған маман бүгіндері орыс, ағылшын тілдерімен қатар мемлекеттік тілде де сөйлеуге машықтануда.

Елена Давыденко- «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»Ұлттық компаниясы» АҚ» директорының орынбасары.

-Үш тілді білу- бүгінгі өмір талабы. Тіл білу арқылы халықтың менталитетін, тарихын, мәдениетін терең түсіне аламыз. Тіл арқылы еліміз дамиды, өркениетті елдер қатарына қосылады.

Елена мемлекеттік тілді білу Қазақстанда тұратын әр азамттың парызы деп санайды. Сондықтан келешекте оны тереңдетіп оқуды көздеген.

 

 

 

Магжан Ахмадина.