Денсаулық сақтау

Елатом зауыты құрылғыларының көрмесі өтті

Дегенмен “Үй дәрігері” сериясымен шығатын бұл медициналық құрылғыларға деген сұраныс жоғары. Әсіресе көрмелер барысында Алмаг-01-дің 20 шақты данасы сатылатын көрінеді. Аталған жабдықты хондроз, варикоз тірек-қимыл және жүрек қантамырлары жүйесі сияқты қауіпті дерттердің алдын-алу үшін пайдалануға болады.

Бәтима Сайдалинова, “Еламед-KZ” ЖШС өкілі.

-Алмаг-01-дің жетілдірілген үлгісі – “Алмаг-2” деп аталады. Оның түрлі сырқатқа ем болар 79 бағдарламасы бар. Магниттік өрісі әлдеқайда терең болғандықтан, аталған аппарат денеге бірнеше есе артық әсер етеді. Айта кеткен жөн бұл аппараттың көмегімен бір уақытта бірнеше адамды емдеуге болады.

Унилор-01″ құрылғысы зауыттың соңғы өнімдерінің бірі саналады. Оны бірқатар ауруды емдеуде пайдалануға болады.

Бәтима Сайдалинова, “Еламед-KZ” ЖШС өкілі.

-“Унилор” бұрынғы “Фея” аппаратының жетілдірілген түрі. Мұны құлақ, тыныс алу жүйелеріне, аллергиялық ренит, танзелит, фаленгит ауруларын емдеуде пайдалануға болады. Аппараттың қыздыратын инфра қызыл сәулелері бел, буын, демалу жүйелерінің дерттеріне шалдыққанда ем алуға жақсы. Бірақ мұны онкологиялық дерттерге шалдыққан және мұрыннан қан кеткен кезде пайдалануға тыйым салынады.

Стимэл-01 де жақында пайда болған аппарат. Ол ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді. Бұл құрал адамның тыныс алу жүйелері, тірек-қимыл жүйесі аурулары, артроз, артрит, жүрек-қантамыр жүйесі сырқаттарына шалдыққанда қолданылады. Ал мынау “Мавит”. Оны созылмалы простатитті емдеуде пайдалануға болады. Буындарыңыз бен беліңіз ауырса “Теплон” құрылғысының көмегіне жүгінген дұрыс. Ал бұл апараттарды Қазақстан Конституциясы көшесі 2, мекен-жайындағы “Сердечная” дәріханасынан зауыт бағасымен қазанның 25-іне дейін сатып алуға болады.

 

 

Бану Ахметова.