Мәдениет

“Покровский перезвон” фестивалі өтті

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары.

-Сіздерді дәстүрлі славян халықтарының “Покровский перезвон” атты фестивалінің өткізілуімен құттықтаймын. Бұл шара өңірімізде тұрып келе жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіретін мереке.

Сондай-ақ концертке жиналғандарды Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимир құттықтап, барша халықтарға игі тілегін жеткізді. “Покровский перезвон” – славян халықтарына ортақ діни мереке болғандықтан, шараға украин, казак, орыс ұлтынан құралған ұжымдар ат салысты. Бұл күні жергілікті және өзге қалалардың өнер ұжымдары әзірлеген концерттік бағдарламаны көрермендер зор ықыласпен қарсы алды. Арасында халықтық ән-би ансамблі, орыс халық аспаптар оркестрі мен казак хоры бар.

Фестивальге Астана қаласынан келген өнер ұжымдары да қатысты. Солардың бірі елордалық “Раздолье” орыс-казак әндері ансамблі.

Ирина Коломоец – “Раздолье” орыс-казак әндері ансамблінің көркемдік жетекшісі.

-Біз бүгінгі фестивалге репертуарымыздағы әндердің ішінен 2 шығарманы әкеліп отырмыз. Оның бірі Сергей Трофимовтың “За тихой рекою” және Владимир Опариннің “Небыли дорога” халық әні.

Фестивалді ұйымдастырушылар жыл санап бұл шараның ауқымы кеңейіп келеді дейді. Оған қоса фестиваль облысымызда мекен ететін халықтардың достығы мен бауырластығын нығайта түспек.

Владимир Ивашкин – Звонница-Наследие” казак вокалды-хореографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі.

-Фестиваль арқылы біз туыстас халықтармен өзара аралас-құралас боламыз. Мәдени құндылықпен бөлісеміз, көрермендерге рухани азық береміз.

Фестивалді тамашалауға келген көрермендер концерттен көтеріңкі көңіл-күймен шықты.

 

 

Бакыт Садуакасов.