Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Билік

14:51 20 Қазан 2014

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Бұған дейінгі кеңестерде 32 жоба қарастырылып, іске асып жатыр. Бүгінгі үйлестіру кеңесінде сомасы 2,2 милиард теңгеге 5 жобаны қарастырамыз. Олардың көпшілігі ауқымды.

«КЭС» серіктестігі Тимирязев ауданындағы ұн үгу комбинатын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні мұнда 125 адам еңбек етеді. Кәсіпорын қайта жаңғырса, тағы 100 азамат екі қолға бір күрек таппақ. Жобаның жалпы құны – 546 миллион теңге. «Икеа Тас Групп» серіктесгігі де Аққайың ауданында диірмен кешенін қараша айында іске қоспақшы. Ал «DEZ» серіктестігі облыс орталығында осындай кешенді халық игілігіне тапсырмақ. Алайда кәсіпорынға инфроқұрылым желілілерін тарту қажет. Жол, жарық тарту мәселелері тағы бар. Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов оларды шешуді қала әкімі Марат Тасмағамбетовқа жүктеді. «Петромали компани» серіктестігі де осындай кәсіпорынды іске қоспақ.

Рудик Арутюнян – «PETROMALY COMPANY» ЖШС директоры.

-Диірмен кешені іске қосылса, кәсіпорын күніне 75 тонна ұн үгетін болады. Сондай-ақ біз 10 мың тонна астық сақтайтын қойма тұрғызуды да жоспарлап отырмыз. Жоба іске қосылған уақытта екі ауысымдық жұмыс күніне көшетін боламыз.

«Фармсептика» серіктестігі Петропавл қаласында дезинфекция құралдарын таблетка түрінде жасауды мақсат етіп отыр. Жоба бойынша кәсіпорын жылына 320 мың келі залалсыздандыру өнімін шығармақ.

Тимур Сейтенов – “Фармсептика” ЖШС-нің жоба жетекшісі.

-Әкімшілік және өндірістік ғимарат тұрғызылды. Бірақ әлі толық аяқталған жоқ. Және де арнайы қондырғыларды сатып алып, орнату қажет. Қазір бізге инжинерлік желелерді тарту басты мәселеге айналып отыр.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Бұл кәсіпорынның жүзеге асып жатқанына бір жылдан астам уақыт болған. Бірақ оны ешкім білмейді. Сондықтан құрылыс созыла береді. Оның үстіне кәсіпкерлердің көбі өз құқығын білмейді. Мемлекеттен қолдау жоқ емес бар. Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.Осындай азаматтарға бұл жобалар қолдау болары сөзсіз.

Өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралған бес жобаның барлығы қолдау тапты.

Самат Джакупов.