Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Қазақстандағы Австрия Елшілігінің сауда бөлімінің басшысы және сауда атташесімен кездесті

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Бізге ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Бұл сала бізде әзірге, 35-40 пайызды құрайды. Десе де, одаққа кірудің арқасында бұл көрсеткіштерді әлі де болса жақсартуға болады. Өнімдерімізге деген талап та өзгереді. Бәсекеге қабілеттілік артады. Аймағымызда сүт және ет өңдеу саласы қарқынды дамыған. Десе де, инновация, жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаңа өнім түрлерін шығаруға болады. Сондықтан біз мал және ауыл шаруашылығына басымдық беріп отырмыз.

Австриялықтар пайдалы қазбаларды игеру мен машина жасау саласында да әріптестік орнатуға болатындығын айтуда. Михаэль Мюллер іссапары барысында аймағымыздағы бірқатар өндіріс ошақтарын аралаған. Сондықтан ол машина жасаудың екі ел үшін де келешегі зор екендігін айтуда.

Михаэль Мюллер- Қазақстандағы Австрия Елшілігінің сауда бөлімінің басшысы және сауда атташесі.

-Машина жасау салдасында әріпстестік орнатудың келешегі зор. Өйткені бұл үшін алғышарттар жасалған. Сондықтан ендігі мақсат – кәсіпкерлеріміздің осы нарықты меңгеріп, сіздердің бизнесмендеріңізбен танысуына жол ашу.

Жиын соңында аймақ басшысы Ерік Сұлтанов австриялық кәсіпкерлерді қараша айында өтетін инвесторлардың форумына шақырды. Сол жерде екі елдің кәсіпкерлеріне әріптестік орнату мен инвестиция бойынша мәселелерді жан-жақты талқылауына мүмкіндік ашылмақ.

 

 

Магжан Ахмадина.