Облыстық филармонияның эстрада-симфониялық оркестрдің кезекті концерті өткізілді

Мәдениет

14:04 20 Қазан 2014

Сергей Имашбаев – Облыстық филармонияның эстрада-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі.

-Бізге осы киелі сахнада бірінші болып өнер көрсету бұйырды. Бұл жерде әлі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ, бірақ барына да ризамыз. 30 жыл бұрын, бұл тамаша залдардың бірі болған еді, акустикасы да өте жақсы.

Бүгінгі таңда бұл ұжымда 45 маман жұмыс атқарады. Оркестр құрамында жастар басым. Әйгілі, тәжірбиесі мол әртістер де бар. Теріскейлерді ерекше туындылармен қуантып жүрген әншілердің қатарында Мұхит Ахметов та бар. Ол жергілікті сахнаға осымен 7 жыл бойы шығып жүр.

Мұхит Ахметов – Облыстық филармонияның эстрада-симфониялық оркестрінің әншісі.

-Мен бүгін Любовь Фасхутдинова деген әншімен бірлесіп, Андреа Бачеллидің репертуарынан ән орындаймыз. Бұл ән жүрегіме жақын болғандықтан, таңдап отырмын.

Эстрада-симфониялық оркестрдің классика, оперетта, джаз бен ретро стилінде орындалған увертюралары теріскейлердің шын көңілінен шықты.

Енді әртістер келесі кешке дайындығын бастап кетті. Өйткені желтоқсан айының басында жерлестерімізді әлемдегі ең беделді бандеонист Александр Метенев қаутпақ.

Сагыныш Маркашева.

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда облыстық “Абай оқулары” өтті
Қазақ театрында – жаңа премьера
Швед елшісі Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында болды
Петропавлда америкалық әнші Рональд Бейкер концерт берді
“Жыл мезгілдері” атты көрме қанат жайды
Италияндық музыканттың жеке шығармашылық кеші өтті
“Швецияның әуендері мен ырғақтары” атты концерт өтті
“Күдер” ансамблі Дубайда халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды
Петропавлда “Крокодил” шығармасы сахналанды
“Айлы түннің жарығымен” фестивалі өтті
Соғыс және еңбек ардагерлерінің халық академиялық хорына – 35 жыл
НЗМ оқушылары халықаралық би байқауында үздік атанды