МТРА жаңалықтары

Елімізде Республикалық «Бизнес өрлеу» байқауының екінші кезеңі өтуде

Зәмзә Төлеуіш – қазылар алқасының мүшесі.

-Бұл қазақстанда алғаш рет басталды. Біз жыл сайын өткіземіз. Биыл 245 өтініш берілді. Соның ішінде осы аймақта 17 адам 19 өтініш берді. Өйткені біз бір адамға үш идеядан беруге рұқсат бердік.

Бауыржан Айсабеков болашақта жылжымалы монша жасап шығаруды жоспарлап отыр. Ол үшін азамат бизнес-жобасын әзірлеп қойған екен. Енді ойын жүзеге асыру үшін, тек қаражат қажет. Айта керу керек, дөңгелекті моншаны үйге арнайы шақыртуға болады. Бұндай ерекше қызметтің бір сағатының құны шамамен үш мың теңгеге бағаланыпты.

Бауыржан Айсабеков – «Бизнес өрлеу» байқауына қатысушы, Қызылжар ауданы.

-Жобаның жалпы құны – 2 миллион 700 мың теңге. Бұл идеяны мен интернеттен көрдім. Дөңгелекті монша қазір еліміздің санаулы қалаларында ғана бар. Ол үшін ең бастысы ауыр көлік алу қажет. Оны тауып қойдым. Ал моншаның өзі Алматы қаласындағы фирмалардың бірінде орнатылады. Оған бір айға жуық уақыт қажет.

Айжан Үмбет болса, полиэтилен астында картоп өсірумен айналыссам дейді. Тұқымды сәуір айында отырғысса, шілдеде өнім жинауға болады екен. Ол үшін болашақ кәсіпкер Қызылжар ауданына қарасты Новокаменка селосынан 4 гектар жер алып қойыпты.

Айжан Үмбет – «Бизнес өрлеу» байқауына қатысушы, Қызылжар ауданы.

-Осы жобаға менің алып келіп отырған тақырыбым ол – яғни ерте маусымдық картоп өнімдерін алу. Яғни бұл өте қолайлы, солтүстік қазақстан облысының халқына. Бұл тәжірбие негізінде мен өзім үйде жасап көрдім. Сондықтан да біз ойлап тұрмыз, осы жобаны үлкен көлемде алуға болатындығына көзіміз жетті.

Ел бойынша ең таңдаулы деп танылған 20 жобаның авторы Алматы қаласында бір апталық тәжірбиеден өтіп, кәсіпкерліктің негізгі қағидаларын үйренеді. Жеңімпаздар да осы топтың арасынан таңдалады. Бірінші орын иесіне бес жарым миллион теңгенің гранты табысталады. Ал екінші орынды иемденген азамат 2 миллион 700 мың, үшінші орынды алған жүлдегер 1 миллион 300 мың теңгені иеленбек. Марапаттау салтанаты қарашаның 21 -інде оңтүстік астанада өтетітін болады.

 

 

Самат Джакупов.