Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылығы жәрмеңкесінде 33 млн. теңгенің өнімі саудаланды

Мысалы, сиыр етінің келісі 890 тг, қой еті 866 тг, жұмыртқаның 10 данасы 130, қиярдың келісі – 80, ал қызылша мен сәбіздің келісі 70 теңгеден сатылды. Сондай-ақ, жәрмеңкеде қала маңайындағы 4 құс фабрикасы мен омарташылар өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынды. Алма, шабдалы, орамжапырақ, қияр. Жұпар иісі мұрынды жаратын бұл жеміс-жидек, көкөністер ОҚО-нан жеткізілді. Жеміс -жидектер 250 теңгден аспады. Бір сөзбен айтқанда, мұнда тұрғындарға сапалы және арзан өнімдерді таңдап жүріп алуына мол мүмкіндік болды.

Осы күнгі жәрмеңкеде 80 аталым бойынша өнімдер ұсынылды. 8 аудан мен тауар өндірушілер жалпы сомасы 33 млн. теңгенің өнімін саудалады.

Еркебұлан Кәменов, СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы.

-Келесі аптадан бастап ауыл шаруашылығы мен тауар өндірушілердің өнімдері жабық базарларда сатылады. Дария, Корона, Алтын арман, коммуналдық базарларда бұрынғысынша 15-20 пайыз төмен бағамен сатылатын болды.

Жалпы М.Жұмабаев көшесінде 12 мәрте ауылшаруышылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылыпты. Онда жалпы сомасы 400 млн. теңгенің өнімі саудаланды.

 

 

Берик Касен.