Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері СҚО-да 237 жол көлік апатының салдарынан 42 адам мерт болды

Келесі күні сот шешімі бойынша ер адам 20 тәулікке қамауға алынды. Осы сынды әкімшілік жазаға Петропавл қаласының 38 жастағы тұрғыны да ілікті. Оның жағдайы алғашқысынан тіпті сорақы. Ол көлікті мас күйінде әрі жүргізуші куәлігінсіз басқарған.

Күн сайын өңір жолдарында полиция өкілдері орташа есеппен алғанда 15 шақты мас жүргізушіні ұстайды екен.

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы.

-Жыл басынан өңір жолдарында тіркелген 237 жол көліп апатынан 42 адам мерт болды. Тағы 303-і түрлі дене жарақаттарын алды. 19 жол апатына көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізушілер себепші болған. Одан 2 адам көз жұмды. 33-і жарақат алды.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары облыс аумағында көлікті мас күйінде тізгіндеген 2 200-ден астам жүргізушіні ұстады. 650 бұзақыға әкімшілік жаза қолданылды.

 

 

Берик Касен.