МТРА жаңалықтары

Шекарашылар 9 айдың қорытындысын жариялады

Дархан Ахметов – ҚР ҰҚК шеакара қызметі 2032 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік құқық бөлімінің бастығы.

-Көбіне ел шекарасын заңсыз кесіп өтетіндердің дені жауапкершіліктен қашып жүргендер мен Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің азаматтары. Яғни олар басқа елдерге барып, жұмыс жасау үшін шекараны белгіленбеген жерден кесіп өтеді.

Сонымен қатар, биыл шекара арқылы есірткі затын алып өтудің 13 фактісі тіркеліпті. Сезіктілер негізінен марихуананы тасымалдаған. Жалпы мемлекеттік шекараны қиюшылардан 9 айда 10 келі 450гр. түрлі есірткі заты тәркіленіпті. Күдіктілердің дені “Жаңажол”, “Мамлют”, “Қызылжар” шекара бақылау бөлімшелері мен “Қарақоға” шекара заставаларында құрықталған. Ең ірі – 6,5 келілік героин партиясы шекара маңында шілде айында анықталды.

Азамат Тумбаев – ҚР ҰҚК шекара қызметі 2032 әскери бөлімі Қарақоға заставасының бастығы.

-2014 жылдың 7 шілдесінде Қарақоға шекара заставасының кезекшісіне Булаево селосынан РФ-ың Есілкөл селосына есірткі затын тасымалдаған тойота маркілі жеңіл автокөлік жол тартып бара жатқаны туралы хабар түсіпті. Аталған жерге жедел түрде дабыл тобының жасағы жіберілді. Сөйтіп автокөлікті Қарақоға селосының маңында тоқтатып, екі қазақстандық азаматты құрықтадық. Көліктің маңында шамамен 150 метр жерде полиэтилен пакетінің ішінде қоңыр түсті сұйықтығы бар 6 шөлмек табылды. Арнайы экспиртизаның қорытындысы бойынша шөлмек ішінде героин заты бар екені анықталды. Қазіргі уақытта осыған қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ағымдағы жылдың 9 айында шекара бойында орын алған құқық бұзушылықтардың саны өткен жылмен салыстырғанда біршама артқаны байқалады. Мысалы 2013 жылы 980 тұлға заңғы қайшы әрекеттер жасағаны үшін құрықталыпты.

 

 

Риат Шони.