Мәдениет

Қуыршақ театры 25-ші театр маусымының шымылдығын ашты

Ертегі диірменшінің кіші ұлы жайында. Диірменші өмірден өтерінде бар жиған-терген дүниесін үш ұлына мұра етіп қалдырыпты. Ағайынды үшеу мұраны өзара бөліскенде, кенже ұлына мысық тиесілі болған. Қожайынына мен сені бақытты етемін деп сөз берген мысық торына түсірген әр жемтігін патшаға апарып тұрған. Мұндағы патшаның рөлін қуыршақ театрының актері Андрей Зайцев сомдады.

Андрей Зайцев – облыстық қуыршақ театрының актері, “ҚР Мәдениет қайраткері”.

-“Етік киген мысық” ертегісін осыдан тура 3 жыл бұрын сахналадық. Кейін шебер әртістердің аздығынан, қойылым көрсетілмей қалды. Ал енді міне балаларға жол тартып отыр. Ертегінің тәрбиелік мәні тереңде жатыр. Біз туындыны қысқартып, маңызды деген жерлерін ұсындық.

Сондай-ақ ертегі желісінде марғау бірнеше кедергілерге де тап болып, аман құтылып шығады. Спектаклдің ақыр соңында патша мен Маркиз жақын араласып кеткендігі соншалық, ол қызын әлгі жігітке тұрмысқа береді. Спектакльден кейін өнер ордасының дамуына үлес қосқан әртістер алғыс хаттармен марапатталды. Оған қоса өңір жетекшісінің атынан ықылас гүлі тарту етілді. Бүгінгі ертегіні тамашалауға келген кішкентай бүлдіршіндер қойылымнан мол әсер алып шыққан.


 

Бакыт Садуакасов.