МТРА жаңалықтары

Құтқарушылар мерекесі

Осы уақыт аралығында жерлесіміз өрт сөндіру көліктерінде орналасқан барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерді бес саусағындай меңгеріп алған. Көптеген құтқару операцияларына қатысып, талай жанның өміріне араша түсіпті.

Берік Жүргенов – №2 қалалық өрт сөндіру машиналарын жүргізу бөлімінің аға нұсқаушысы.

-Менің жұмысым түрлі сипаттағы апаттармен байланысты. Сондай жағдайларда оқиға орнына дер кезінде жетіп, өз жұмысымды мүлтіксіз орындауға тырысамын. Міне, бүгін еңбегім бағаланып жатыр. Оған ризамын.

22 жыл бұрын Бауыржан Рахимжанов өз жұмысын Ақжар ауданда инспектор болып бастаған, ал бүгінде Уәлиханов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына дейін көтеріліпті. Бүгінгі мерекелі жиын барысында оған “Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін” төс белгі табыс етілді.

Бауыржан Рахимжанов – Уәлиханов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.

-Бүгінгі ұйымдастырылған мерекелі шараға мен өте қуаныштымын. Мемлекет біздің қызметіміз үшін көп үлес қосып жатыр. Сондықтан да, жұмысымызды одан әрі жақсы атқару біз үшін міндет.

Салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Сагыныш Маркашева.