Билік

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі студенттермен кездесті

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Бүгінгі таңда ислам діні-біздің халқымыздың рухани тіректерінің бірегейі. Біздің тәуелсіз елімізде қоғамның рухани және адамгершілік ортасын қалыптастыруда ислам дінінің маңызы ерекше.

Бүгінгі күні діннің қоғамдағы рөлі айтарлықтай жақсарған дейді сарапшылар. Оған халық арасында дін істері жөніндегі комитетінің жүргізген әлеуметтік сауланамасы дәлел. Яғни, сұрақтарға жауап беру барысында тұрғындарың 90 пайызы еліміздегі діннің ахауалын жақсы бағалаған.

Ғалым Шойкин, ҚР мәдениет және спорт министрілігі дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы.

-Бүгінгі күні ресупбликамыз бен соның ішінде солтүстікөңірде діннің даму ахуалы тұрақты. Еліміздегі өзге дін өкілдері арасында келіспеушлік жоқ. Керісінше, достық қарым-қатынаста тиімді жұмыс істеуде.

Қазақ халқы ежелден ислам дініне берік болған. Сондықтан осы дәстүрді жалғастыру -бүгінгі күннің жастарының міндеті. Олар теріс ағымның жетегінде кетпеу үшін діни сауаттылығын арттыру керек. Өйткені бүгінгі күні ислам дінінің атын жамылған теріс ағымдар жетерлік. Бұл орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығына тоқталды.

Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі.

-Халқымыздың болмысымен біте қайнасқан дін мен дәстүр қаным замандағы қилы сауалдарға қарсы тұрған. Елді бірлікке, тұтастыққа тоқтатқан рухани құндылық.

Конференция соңында жоғарғы оқу орнының студенттері солтүстікқазақстандық жастардың үндеуін жолдады. Кейінгі толқын өкілдері игі істерді жалғастырып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосатындарына уәде етті.

 

Бану Ахметова.