МТРА жаңалықтары

Қаржы полицейін өлтіргендерге қатысты сот үкімі шығарылды

Бауыржан Баймурзин- СҚО қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы.

-Ахметовтің өліміне қатысты ұсталған қылмыскер Джамалиев қылмыстық топ құрып, аса қатыгездікпен кісі өлтіруге қатысқаны үшін, қару сатып алып, оны сақтап, тасымалдағаны үшін ҚР ҚК 96 және 251 баптары бойынша 24 жыл бас бостандығынан айырылсын. Азаматтың барлық жеке мүлкі тәркіленсін. Оның іс әрекеті аса қауіпті деп саналады. Сондықтан ол жазасын ерекше режимдегі колонияда өтейтін болады. Ал Жандос Ахметовті өлітрегн Ковалев 22 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесіліп, мүлкі тәркіленсін. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.

Ал қылмыскерлерге қару жеткізумен айналысқан үшінші күдікті Хукиев өмірінің 5 жылын темір тордың ар жағында өткізбек. Тағы ол мемлекетке 500 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады. Марқұмның әкесі болса әлі күнге дейін құқық қорғау органдары тапсырыс берушіні анықтай алмай отыр дейді.

Алик Ахметов- Ж.Ахметовтің әкесі.

-Иә, оны шын мәнінде атып кеткен азаматтар өз кінәсін мойындады. Сот оларға жаза кесті. Бірақ ол аздық етеді. Десе де шын тапсырыс беруші әлі анықталмай отыр. Ол бостандықта жүр. Ең басты сұрақ, баламды өлтіруге тапсырыс берген кім? Сол жұмбақ күйінде қалды.

Ал күдіктілердің қорғаушылары іске қатысты пікірлерін білдіруден бас тартты.

 

 

Магжан Ахмадина.