МТРА жаңалықтары

Петропавлда жаңа мешіт бой көтереді

Құдайберген Қалиев- еңбек ардагері.

-Мешіттің өзінің асханасы және мәйітті арулайтын арнайы орны болады. Осының барлығын атқару үшін ақша керек. Соған арнайы «Ақ тілек» деген қор құрылды. Сонда мұсылман бауырларымыздан қаржы түсіп жатыр. Біз оны халық үшін, мұсылмандар үшін жасаймыз. Ең алдымен жобалық сметалық құжаттамаларын жасаймыз. Сосын кім салады? Қашан құрылыс басталады? Соны барлығын шешеміз.

Мұсылмандар қауымы үшін жұма қасиетті күн. Осы күні өңірімізге арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфиті- Ержан қажы Малғажыұлы жаңа мешіттің құрылысына рұқсат беретін әрі оны құжат түрінде растайтын келісім салынған капсуланы орнатып, ғибадат үйі жастарымызды имандылыққа баулитын орынға айналатындығына сенім білдірді.

Ержан Малғажыұлы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі.

-Қалаларда осындай мешіттердің салынуы ол біріншіден егемендігіміздің арқасы. Бізде де осындай мешіттер бой көтере бастаса, жастарымыз имандылыққа бой бұрады. Алла жазса осы мешітіміз жастарымызды жақсылыққа баулитын орталыққа айналады деген сенімдемін.

Жаңадан бой көтеретін алла үйі 500 орынға шақталған. Жұма намазына, одан қала берді мерекелерде азаннан орталыққа ағылатын бұл аудан тұрғындары үшін мешітке деген қажеттілік ежелден туған. Бұл маңдағы мұсылман жмиғат жаңалықты қуана қабылдады.

 

 

Магжан Ахмадина.