МТРА жаңалықтары

Өңірдің өрт сөндірушілері оқу-жаттығу өткізді

Өрт туралы хабар сағат 18-ден 45 минут кеткенде келіп түседі. Оны сейілту үшін 5 минуттың ішінде жақын маңда орналасқан 3-і мамандандырылған өрт бөлімі келіп жетіп, барлық мән-жайды тексеруде. Ал дәл сол уақытта өзге де бөлімдердің өрт сөндірушілері көмекке келіп, қызыл жалынмен арпалысуда.

Олег Новичков -Ассорти базары қауіпсіздік қызметінің жетекшісі.

-Ассорти базарында өрт шықса жақын маңда орналасқан нысандарға өте қауіпті. Өйткені шағын дүкендерде түрлі химиялық заттар, жылтыр сырлар сатылады. Мұнда күніне 2 мыңнан астам кісі келіп-кетеді, автотұрақта 150-дей көлік тұрады. Сол себепті аумақ қауіпті, және де осындай жаттығылуар өте қажет.

Қызыл жалауша өртке оранып жатқан нысан, ал көк түстісі түтінденіп жатқан ошақ.

Жанат Жусупов – Өрт сөндіру күші мен авариялық құтқару жұмыстары ММ әскери жұмылдыру дайындығы және арнайы жұмыстар бөлімінің бастығы.

-Оқу-жаттығу 3-і өрт бөлімінің аумағында болып жатыр. Сол себепті менің қарамағымдағы өрт бөлімі ең бірінші болып келді. Келе жатқанда жолда ешқандай ереже бұзбауын, қысқа жолды тауып жеткеніне көз жеткіздім.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды толығымен 27 минуттың ішінде, яғни сағат 19-дан 17 минут кеткенде ауыздықтады.

Кенжеболат Айтжанов – Өрт сөндіру күші мен авариялық құтқару жұмыстары ММ кәсіби дайындау мектебінің бастығы.

-Мен келгенде штаб бастығы болып тағайындалдым. Жалпы өрттің көлемі 80 шаршы метр болды. 2 өрт бөлімі жұмыс істеді.

Жалпы тілсіз жаумен күресуге 30 маман мен 3 техника бірлігі және де қосымша “Қызылжар – су” ЖШС-ің 2 техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар оқу-жаттығулар өткен аумақты қоршау үшін ІІД-ің 2 экипаж бригадасы да қатысты.

 

Риат Шони.