Билік

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Аққайың, Тайынша аудандарында болды

Мына асханада 120 адам бір мезетте тамақтана алады. Қазір әлеуметтік мекемеде жалғызбасты егде жандарға қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Қарттардың денсаулығына қарайласатын жоғары білімді үш дәрігер бар, мұнда. Айта кету керек орталықтағылардың көбі 75 жастан асқан қараттар.

Күлшира Кәлімбетова – қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Смирнов интернат-үйі директорының орынбасары.

-Біздің қарттар үйімізде 345 адам тұрады. Олардың арасында 158 мүгедек бар. Өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. 5 рет тамақ беріледі. Әр түрлі кружоктар өткізіледі. Мәдениет үйіміз бар. Оған қарттардың барлығы қатысады.

Қарттар үйінде тұратын қолөнер шеберлерінің туындысы келген жұртшылықты таң қалдырмай қоймайды. Бірі сіреңке шиынан шіркеу тұрғызса, енді бірі тоқыма өнерімен айналысады. Қыл қалам шеберлері тағы бар. Арнайы көрмені тамашалаған соң өңір жетекшісі әлеуметтік нысанның кітапханасында болды. Кітап қоры 6000 мыңнан асып шығылады. 220 – ға жуық тұрақты оқырманы бар кіапханаға Ерік Сұлтанов 100 дана түрлі әдеби кітапты сыйға тартты. Бұдан соң аймақ басшысы қариялармен әңгімелесіп, өңірде атқарылып жатқан шаруалар жайында баяндады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Ауа – райының қолайсыздығына байланысты қазір орақ науқаны қиынға соғуда. Жалпы аумақтың 70-75 пайызын бастырып үлгердік. Сары алтынның барлығын шашау шығармай жинап аламыз. Себебі бидайды кептіретін арнайы элеваторлармен қоймалармыз жеткілікті. Бұл нысандардың барлығы жеке қаражатқа тұрғызылып жатыр.

Өңір жетекшісі қарттармен мүгедектерді қолдау айлығы аясында мекемеге газель автокөлігінің сертификатын табыстады. Бұл көлік кембағап жандарды тасымалдауға арналған. Бұдан кейін облыс әкімі аудан орталығында тұрғызылып жатқан емхананың құрылысымен танысты. Бір ауысымда 250 адамды қабылдау мүмкіндігі бар нысанның құрылысы 2012 жылдың желтоқсан айында басталған екен. Ерік Сұлтанов тиісті басшыларға жұмыс қарқынын күшейту керектігін тапсырды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Уақыт аз қалды. 1-ші желтоқсанда емхананы халық игілігіне тапсыруымыз қажет. Оның үстіне мұнда сатып алынған жаңа қондырлыарды орнатып үлгеру керек. Сондықтан шаруаны созып жүрудің қажеті жоқ.

Жалпы емхана құны 1 миллиард теңгеден астам. Мердігер компания – «Основание» серіктестігі.

Сергей Тимофеев – «Основание» ЖШС директоры.

-Бүгінгі күні мұнда 82 азамат қызмет етіп жатыр. Сыртты абаттандыру жұмыстары қалды. Бөлінген қаражаттың барлығы тиісті деңгейде игеріліп жатыр. Нысанды белгіленген уақытта тапсырамыз деген ойдамын.

Бұдан соң Ерік Сұлтанов Тайынша ауданындағы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі «Надежда» интернат – үйінде болды. Тұрғындар биыл ғимарат аумағын өз күшімен абаттандырған. Айта кету керек 2006 жылы ашылған мекемеде 15 қарт азаматтан құралған «Надежда» вокалдық ансамбльі бар.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Елбасымыз қарттарға ерекше көңіл бөледі. Оның жүргізіп отырған саясатының арқасында қазір бұл бағытта тың жұмыстар атқарылып жатыр. Енді еш нарсеге алаңдамаңыздар. Сіздердің жағдайларыңыз әрдайым мемлекеттің бақылауында болады.

Қарттар үйіне биыл жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Мұнымен қоса 2 миллион 800 мың теңгеге қажетті дәрі – дірмек сатып алынған. Мекеменің жаңа заманға сай медициналық блогы, жаттығу залы, тіпті моншасы да бар. Облыс әкімі нысанның тыныс – тіршілігімен танысқан соң қарттар үйіне теледидар сыйға тартты. Қазір бұл орталықтан пана тапқандардың көйлегі көк, уайымдары жоқ.

Кеңес Хамзин – қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі «Надежда» интернат- үйінің тұрғыны, Тайынша ауданы.

-Тамақ береді, үш мезгіл. Жататын жеріміз жылы, жұмсақ. Енді не керек? Одан артық ештене де керегі жоқ бізге. Медецина қарайды. Газет жаздырып аламыз. Библиотека бар. Бәрі жақсы.

Бүгінде Тайыншадағы қарттар үйінде 120 адам бар. Оларға 98 қызметкер күтім жасайды.


Самат Джакупов.