МТРА жаңалықтары

Айыртау ауданындағы Қарасай батыр ауылында жаңа мешіт салынады

Ғалым Пазылов, Қарасай батыр ауылының тұрғыны.

-Мешіт болмаған кезде тарауық молланың үйінде не болмаса, ауыз аштырған үйде оқылып жүрді. Міне мешіттің бірінші рет салынып жатқанын көріп отырмыз.

Ауылдағы жаңа мешіт толығымен демеушілердің қаражатына салынбақ. Оның құрылысы биыл басталады. Алланың жердегі үйінің іргетасына капсула салу рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі мен облыс әкімінің орынбасары қатысты. Айта кеткен жөн, мешітке Қарасай батырдың есімі берілмек.

Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі.

-Қарасай батыр ауылында мешіттің ірге тасы қаланды. Аллаға шүкір осы бүгінгі салынатын мешітіміз осы ауылды имандылыққа, бірлікке, ынтымаққа, жастарымызды отансүйгіштікке бағыттайтын бір үлкен қасиетті орын болатынына сенемін.

Шара соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы Құран оқып, жаңа мешіттің құрылысы сәтті аяқталатынына сенім білдірді.

 

 

“Қазақстан- Петропавл” арнасындағы әріптестеріміз әзірлеген бейнематериалда толығырақ.