Мәдениет

Қазақстан Республикасының Театр қайраткерлер одағының 9-шы сьезіне өңірімізден 5 мәдениет қайраткері барып келді

Елена Покрас – Н. Погодин атындағы орыс драма театрының актрисасы

– Жиын барысында өнер саласының мамандарын оқыту жайы сөз болды. Бұл біз үшін өте маңызды мәселе. Мысалы, Ресей Федерациясында жастарды актерлік шеберлік мамандығына сырттай оқыту қарастырылған. Сонымен қатар, бізге тек әртістер ғана емес, суретшілер де, бутафорияны даярлайтын мамандар мен тігіншілер де өте қажет.

Нәтижесінде Астана мен Алматы қалаларының ЖОО-да аталмыш саланың мамандарын дайындауға қатысты арнайы жұмыс тобы құрылатын болды. Сонымен қатар, түрлі өңірлердің өкілдер бір-бірімен ақылдасып, өзара шеберлік алмасу шараларын жоспарлапты. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында орыс театрларының фестивалі ұйымдастырылмақ. Бұл жобаны театр қайраткерлері одағының қолдауымен өткізуді көздеген.

Тимур Кәрімжанов – Н. Погодин атындағы орыс драма театрының көркемдік жетекшісі

– Театр қайраткерлері Одағының төрағасы өнер ошақтарының деңгейін көтеру керектігін қадап айтты. Ол үшін Мәдениет Министрлігінің жанынан арнайы жұмыс топтары құрылып, театрларға репертуарлық саясат жүргізу бойынша кеңес беріледі.

Сонымен қатар, жиында балалар мен жасөспірімдерге ыңғайластырылған туындылардың аздығы сөз болды. Одақ өкілдерінің айтуынша әр өңірде қуыршық театрлары болу қажет. Алайда, қазіргі таңда, балғындарға арналған өнер ошақтары еліміздің тек 9 облысында ғана бар.

 

Сагыныш Маркашева.