Қоғам

Қазанның 18-і “Рухани келісім күні”

Айбек Сайдалин, “Қызылжар” облыстық мешітінің наиб имамы

– Көп жағдайда ата-анасы қандай дінді берік ұстанса, баласы да сол дінге бет бұрады. Біз осы әр дін өкілдерінің басы қосылған семинарда жастарға діндердің ерекшелігі мен олардағы шариғаттарды дұрыс ұстану амалдарын түсіндірмекшіміз.

Елімізде өзге ұлт өкілдерінің туған тілдері мен дінін, мәдениетін ұмытпауларына жағдай жасалған. Бірлік пен бейбітшіліктің маңызын халық бағалай білуі керек. Дүние жүзінде болып жатқан қақтығыстардың жақсылыққа апармайтынын санада сақтаған дұрыс.

Юлия Рыковская, Петропавл қалалық қызмет көрсету саласы колледжінің студенті

– Біз жастар өзге ұлт пен ұлыстың ұстанған дәстүрі мен дініне сыйластықпен қарауымыз керек. Осылайша, біз елдегі татулық пен ауызбіршілікті сақтай аламыз.

Дөңгелек үстел аясында “Діндер мен өркениеттер сұхбаты” тақырыбындағы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

 

Берик Касен.