МТРА жаңалықтары

Петропавл жылу электр орталығы қолға алған ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Олег Овчеренко- “Севказэнерго” АҚ 2-ЖЭО ауысым басшысы

– Біз қазандықтың техникалық процессін қадағалап отырамыз. Яғни, оның температурасын, қалдықтарды шығаруын және қысымын бақылаймыз. Жаңа қазандықта ол толығымен автоматтандырылған. Әрине шаруаны біраз жеңілдетті.

Сондай-ақ орталықта 1-ші және 5-ші турбиналарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде станциядағы энерготиімділік артты, сапа жақсарды. Жалпы энергетиктер жүргізіп жатқан жаңғыртудың барлығы тұрғындарды қыс кезінде үздіксіз жылумен қамту үшін жасалуда.

Радий Айтикеев- “Севказэнерго” АҚ 2-ЖЭО бас инженері

– Қысқа 100 пайыз дайынбыз. Әзірге 167 мың тонна жанар- жағармаймен және 1708 тонна көмірмен қамтылдық. Бұдан бөлек 3000 тонна мазут қоры бар. Сондықтан қыс мезгілінде тұрғындардың жылумен қамтылуында қиындықтар туындамайды деп ойлаймын.

Бұдан бөлек биылғы жылы мұндағылар 11 қазандық пен 2-ші және 3-ші турбоагрегаттарды күрделі жөндеуден өткізген.

 

Магжан Ахмадина.