МТРА жаңалықтары

Өңіріміздің 2 ұстазы «Үздік педагог-2014» республикалық байқауынан жүлделі оралды

Алексей Кособоков- Шал ақын ауданы Социалистік Еңбек ері Е.Шайкин атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі

– Байқауғ еліміздің барлық облыстарынан мықты деген ұстаздар жиналды. Олардың баршасы өз өңірлерінде жеңімпаз атанған. Сондықтан әрине қиын болды. Десе де, мен өз жобамды сәтті қорғадым. Келешекте әлі де болса, оқушыларға қажетті оқулықтарды шығаруға ат салыспақпын. Осы байқау менің шыңдалуыма септесті.

Гауһар Мусина да республикалық байқауға кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындаларының атынан қатысып, әріптесі Алексей сынды білім грантына ие болған. Жеңіспен оралған өңіріміздің ұстаздарын әріптестері қошеметке бөлеп, арнайы кездесу өткізді.

Гүлдерай Қайнетова- Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры

Мұндай байқаулар ұстаздардың шыңдалуына септеседі. Шығармашыл педагогтарды анықтап, олардың өнегелі тәжірбиесін өзгелерге көрсету мақсатында осындай кездесулер ұйымдастыру маңызды.

Арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында педагогтар тәжірбиелерімен бөлісіп, ұстаздарға өз жобалары жайлы айтып берді.

 

Магжан Ахмадина.