МТРА жаңалықтары

Маскүнемдер мен нашақорлардың саны азайып келеді

Алексей

– 30 жылдық жұмыс өтілім бар. Мамандығым радиомеханик. Киров атындағы зауыта жұмыс істегем. Электрик болып та қызмет еттім. Меніңше мұндай дертке шалдықпау үшін адам әрдайым жұмыс істеу керек. Егер бос уақытың көп болса, кез-келген нәрсеге еліктей бересің. Осы жерден шықсам, тұрақты жұмысқа орналасқым келеді.

Алексей 27 қазанда толық ем алып шығады. Негізі мұнда маскүнемдіктен сауыққандар әрдайым дәрігерлердің бақылауында болады екен. Ал, жалпы бүгінгі күні бұл орталықта психобелсенді заттарға тәуелді болған 100-ге тарта адам ем алып жатыр.

Галина Андреева, облыстық наркологиялық орталықтың №1 наркологиялық бөлімінің меңгерушісі

– Психобелсенді заттарға тәуелді жандар бізге өз еріктерімен келеді. Оларды амблаторлық-анонимдік түрде де емдейміз. Бұл дегеніміз тіркеуге тұрмай-ақ ем-дом алуға болады. Сондай-ақ, мұнда стационарлық-анонимдік емдеу-кешенді түрде жүргізіледі. Дәрі-дәрмекпен емделгеннен кейін, олармен психологтар жұмыс істейді. Емдеу шаралары көбіне тегін жүргізіледі.

Қазіргі күні облыстық наркологиялық орталықта 8 мың 72 адам тіркеуде тұр. Соңғы уақытта психобелсенді заттарға тәуелді жандардың саны азайып келеді дейді мұндағылар. Ал, ағымдағы жылдың 9 айының ішінде облыста 753 адам ем алып шыққан.

 

Ахметова Бану.