Білім

Кәсби және болашақ заңгерлермен кездесу

Дариға Құманова “Қазақстандық заңгерлер одағы” РҚБ атқарушы директоры

– Біз халықтың құқықтық салауаттылығын арттыру керекпіз. Аталмыш құқықтық ағарту шараларына жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан болашақ заңгерлерде өз үлестерін қоса алады. Ол үшін түрлі акцияларды өткізу керек. Біздің қоғамдық бірлестік еліміздің екі бірдей жоғарғы оқу орнында кейбір болашақ заңгерлерді тегін оқытып, оларға шәкіртақы төлеп келеді. Ал, жалпы, елімізде 36 ЖОО бар. Онда жыл сайын 20 мыңға жуық студент заңгер мамандығын алып шығады.

Кездесуге жоғарғы оқу орнындағы заңгер мамандығын меңгеріп жатқан студенттер жиналды. Олар кәсіби маманның әр сөзін ұйып тыңдауда. Өйткені, мұндай жиндардың біздерге берері мол дейді жастар.

Өкінішке орай, бүгінгі заманның талабына сай болатын заңгерлердің біліктілігін арттыратын мектептер елімізде жоқтың қасы. Дегенмен бұл проблема жуық арада шешіледі дейді мейман. Елімізде “Қазақстандық заңгерлер одағы” республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта аталған ұйым мемлекетіміздің барлық өңірлерінде халықтың құқықтарын қорғау арқылы заңгер мамандығының мәртебесін арттыру бағытында жұмыс істеп келеді. Жақында қазақстандық заңгерлер қытайлық тығыз қарым-қатынас орнатыпты. Осы орайда, шетелдік мамандар келесі жылы Қазақстандық заңгерлерді халықаралық форумға шақыртыпты.

 

Ахметова Бану.