Спорт

Ел чемпионатында бас жүлдені жеңіп алған 2 акробатшы 2015 жылы ел намысын Азия чемпионатында қорғайды

Андрей Ямпольский, спорттық акробатикаға мамандандырылған БЖСМ директорының орынбасары

– Бұл аралас жұп өз жас санаты бойынша елімізде мықты акробатшылардың қатарына енді. Олардың спорттық билеу мәнері, дене сымбаты өзгелерге үлгі. Александр мен Анастасия енді ұлттық құрама атынан әлемдік, халықаралық чемпионаттарға қатыса алады. Себебі, олар болашағынан үлкен үміт күттіреді.

Спорттық акробатика бойынша ел чемпионатына 8 аймақтан жалпы саны 140-қа жуық жасөспірім қатысқан. Бұл додада жұптасып өнер көрсеткен жерлестеріміз Алина Әбутәліпова мен Алина Гасимованың жұлдызы жанған. Олар күміс алқаны олжалады.

Бұл композияция “7 бикеш” деп аталады. Оны жерлес бапкерлер омбылық хареографтармен бірлесіп әзірлеген.

Александр Зотов, спорттық акробатикаға мамандандырылған БЖСМ тәрбиеленушісі

– Біз 10 жұппен сынға түстік. Мінсіз техника жағынан біздің алдымызды павлодарлық және қарағандылық қарсыластар орап кетпек болды. Бәсекенің мықты екендігін сезініп, мейлінше, қателіктер жібермеуге тырысып бақтық. Нәтижесінде бәрін озып шығып, жеңіс тұғырына көтерілдік”.

Анастасия Бейсембаева, спорттық акробатикаға мамандандырылған БЖСМ тәрбиеленушісі

– Әрине жеңіске жетуімізге әбден пісіп, шыңдалған техника мен қойылған композиция да айрықша рөл атқарды. Біздің бапкерлеріміз 3 нөмірді омбылық хареографтармен бірлесіп әзірледі. Нәтижесінде бұл жұмыс жемісін берді.

Қос жұп Тараздағы жеңістерімен келер жылы Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдаманы ұтып алды. Бүгінде жасөспірімдердің иығына ауыр жүк түсіп отыр. Олар аспан асты елінде өңіріміздің ғана, емес, сонымен қатар республикамыздың намысын қорғайтын болады. Ендеше оларға сәттілік тілейміз.

Берик Касен.