Салық басқармасы

Автомобильдердің мемлекеттік номерін алудың баж салығы өсті

Лилия Әбілева- Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы

– ҚР-сының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты бұдан бұлай 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік номерлерін алу үшін 253 724 мың теңге көлеміндегі баж салығын төлейді.

Ал көліктеріне бастапқы екі саны екі нөлден басталатын және 777 мемлекеттік нөмерлерін сатып алғысы келетін азаматтарға мемлекет қазынасына 422 256 теңге аударуына тура келеді. Айта кету керек, бұған дейін барлық мемлекеттік нөмерлер 5 186 теңгеге сатылып келді.

Лилия Әбілева- Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы

– Бұл заң алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ал, аталған номерлерден басқаларына баж салығы сол қалпы қалып отыр. Яғни, 5186 теңгені құрайды.

Қазіргі таңда, қала көшелерінде көлік рөлін тізгіндегендердің қатары артып келеді. Петропавлдың өзінде 40 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Ал жол салығын 33 мың адам төлейді екен.

 

Ахметова Бану.