МТРА жаңалықтары

Телекоммуникация саласындағы тың өзгерістер

Георгий Битадзе – «Microsoft Қазақстан» компаниясының өкілі.

– Қазір ақпараттық технологияның дамыған ғасыры. Сондықтан жылдам жұмыс жасауға мүмкіндік беретін IT-технология қолданысын кеңейту әрине заман талабы. Ал оның әлемдегі жедел дамуымен ілесіп, озық үлгілерін уақытында игеру, біз үшін маңызды болып табылады. Сондықтан бүгінде міне «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп «Клиент күнін» ұйымдастырып отырмыз.  

Шараға облыс орталығындағы ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар бұл салада атқарылып жатқан тың жұмыстар жайында жан-жақты мәліметтер алды. «Microsoft Қазақстан» компаниясы енді мұндай жиынды Павлодар қаласында ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Асқар Жантілесов – ҚР ҰҰ Әскери институнының байланыс бөлімінің басшысы.

– Біз байланыс саласының қызметкерлері ретінде бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқандығынан әркез таныс болуымыз керек. Міне «Microsoft Қазақстан» компаниясының өкілі бізге көптеген жаңашылдықтар жайында айтып берді. Олардың барлығы біздің өңірде де жүзеге асатын болса, жақсы болар еді. Себебі қазір ақпараттық технологиялар саласының дамыған уақыты.

Жиын барысында ID TV цифрлық желісі де әңгіме өзегіне айналды. Айта кеткен жөн аз уақыт ішінде ақпарат кеңістігіннен ойып орын алып, көрермен көзайымына айнала білген Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің минуципалдық телеарнасы iD TV цифрлық телеарналар желісіне қосылды.

Дмитрий Крель – СҚО телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» АҚ жетекші маманы.

– Тұрғындардың сұраныстарына байланысты ID TV цифрлық желісінде 1-ші қыркүйектен бастап өзгертулер енгізілді. Яғни біз бүгін өзіміздің клиенттерімізге арнап аймақтық топтамалар пакетін ұсынып отырмыз. Оны кез – келген адам үйінде отырып пультің көмегімен қоса алады. Тағы да айта кететін жайт 13-ші қазаннан «Солтүстік Пакет» желісіне Муниципалдық теле арна қосылды. Енді аталмыш арна цифрлік телевизизия арқылы еліміздің барлық аймағына хабар тарату мүмкіндігіне ие болды.

Бұл өңірлік пакетті қосу тегін жүргізіледі.

Джакупов Самат.