МТРА жаңалықтары

Қазақстан заңгерлер одағының тиімділігі жайлы сөз болды

Дариға Құрманова- «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры

– Қазақстан заңгерлер одағының жұмысы ол елімізідің егемендігін нығайту. Мемлекеттің құқықтық саясатының дамуына ат салысу болып отыр. Біз ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын жоғарылатып, қылмыспен бірлесе күресу қажетпіз. Барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыс істесек шаруамыз жанданады деген ойдамын.  

Өткен жылы бұл ұйымның филиалы өңірімізде де құрылыпты. Алайда олардың жұмысы өзге аймақтарға қарағанда айтарлықтай белсенді емес көрінеді. Сондықтан Дариға Құрманова әріптестеріне жұмысқа қарқын қосу қажеттігін айтты. Жалпы заңгерлер одағы еліміздегі заң саласында қызмет атқаратын барлық мамандарды біріктіретін одақ болып саналады. Сол себепті мұндай ұйымдардың болғаны жақсы дейді кездесуге қатысушылар.

Виктор Найда- Петропавл қаласы прокурорының орынбасары

– Қазақстан заңгерлер одағы құрылуының өзі үлкен жаңалық деп білемін. Онда заңгерлер тәжірбие алмасып, ортақ мәселелерін шеше алады. Білікті мамандар бұл салада пайдалы кеңес береді.  

Сонымен қатар меймандар заңгер мамандығын даярлайтын оқыту орындарының сапалылығын қамтамасыз етіп, осы салада еңбек ететіндердің біліктілігін арттыруға көңіл бөлу қажет деді.

 

Магжан Ахмадина.