Билік

«Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасы тұрғындарды қабылдады

Болат Жұмабеков – Қызылжар ауданының әкімі.

– Қазір Николаевка селосында 17 адам түтін түтетіп отыр. Селода Абрамов деген соғыс ардагері бар. Жиын барысында бұл ұсынысты ардагер құптамады. Қазір ауыл тұрғындарымен ақылдасып, мәселені кейінге шигеруге келістік.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Аудан әкімі алдағы уақытта сіздермен кездессін. Мәселені жергілікті деңгейде қарастырыңыздар. Арнайы шешім қабылдау қажет. Жеңістің 70 жылдыған арнап бұл ескерткішті жаңа кейіпке енгізуіміз керек.

Ал Молдахмет Сұрағанов болса, Аққайың ауданына қарасты Аралағаш ауылының маңында жерленген Жансүгір батырға мазар орнату үшін қаржылай көмек көрсетуді сұрап отыр. Батырдың моласы жол жиегінен небәрі 40 метр жерде орналасқан.

Молдахмет Сұрағанов

– Қазір батырдың жерленген жерінде агроқұрылым басшылары егін егіп тастаған. Сіз осы ждұмысқа араласып көмегіңіз тисе деген ойм бар.

Партия филиалының төрағасы бұл мәселені қарастыруды облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсеноваға жүктеді. Ал Сергей Васельев Қызылжар ауданында балық шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отыр. Алайда көлді жалға алу үшін байқау жарияланбай келеді. Ерік Сұлтанов бұл азаматтың тілегін құптады.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Бұл мәселеге қатысты мен кеше арнайы жиын өткіздім. Кокурс биыл ұйымдастырылатын болады. Өзіңіздің инвестициялық бағдарламаңызды, жобаңызды дайындаңыз. Мүмкіндігіңіз болса, бұл шаруашылықты жандандыру қажет.

Жалпы бұл күні өңір жетекшісі 8 азаматтың талап тілегін тыңдады. Жиында көтерілген сұрақтардың барлығы Нұр отан партиясының бақылауында болмақ.

Джакупов Самат.