МТРА жаңалықтары

Кәсіпорындардағы еңбек заңнамаларының сақталуы жіті бақылауда

Амантай Сейфуллин- СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

– Күзде Жамбыл ауданындағы «Атамекен- Агро» ЖШС оқыс оқиға орын алды. Камаз жүргізушісі кабинадан құлап кетіп, көз жұмды.

Өңіріміздің бас еңбек инспекторы Амантай Сейфуллиннің айтуынша, жалақының уақытылы төленуі де олардың жіті бақылауына алынған. Бұл ретте 43 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Олар 4 млн. теңгеден астам соманың айыппұлын өтеген.

Амантай Сейфуллин- СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

– Кәсіпорындар уақытылы қызметкерлерге жалақы төлеуі тиіс. Өйткені олар

Бұдан өзге мамандар облыс кәсіпорындарында еңбек заңнамасының сақталуына байланысты 249 тексеріс жұмыстарын жүргізген. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Еңбек заңнамасын бұзудың 777 фактісі тіркелген. Әкімшілік жауапкершілікке 380 лауазымды тұлға тартылды. Оларға 17 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынса, 14 млн теңгеден астамы өндіріп алыныпты.

 

Магжан Ахмадина.