МТРА жаңалықтары

Суды үнемді пайдаланудың мәселесі қаралды

Есенгелді Мейрамов- «Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу бойынша Есіл бассейіндік инспекциясы» РММ басшысы

– Су ресурстарының азайғандығы байқалады. Өйткені, тұрғындар ысырапшыл болып кеткен. Тіпті пәтерлердің өзінде су үнемделмей пайдаланылады. Сондықтан, су ресурстарын сақтау керек. Ол үшін біз тұрғындарды тіршілік көзін үнемді пайдалануға үйретуіміз керек.

Бұл бағытта мамандар Қазақстанда су ресурстарын пайдаланудың арнайы бағдарламасын жасаған. Ол ағымдағы жылы қолға алынып, 2020-шы жылға дейін жалғаспақ. Бұл жоба су пайдаланушыларды және мүдделі қоғамдық ұйымдардың өкілдерін су объектілерін қорғау және су ресурстарын тиімді пайдалануға назар аудартуға септеспек. Жиында өңірдегі өзен-көлдердің қазіргі жағдайы да сөз болды. Теріскейде 2 мыңнан астам көл бар екен. Олардың экологиялық жағдайы мамандардың жіті бақылауына алынған. Бұл бағытта облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірқатар шаруалар тындырылыпты.

Қабиден Сәдуақасов- СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

– 2007 жылдан бері біз жұмыстарды қолға алып, өзен- көлдерге белгілер орнатудамыз. 2012 жылы 19 млн теңге, ал өткен жылы 7,5 млн теңге қарастырылды. Оның арқасында өзен-көлдердің ластануы азайды.

Жиын соңында су көздеріне байланысты туындаған жағдайлар таразыланып бірқатар шешімдер шығарылды. Су қорларын сақтауда бірігіп атқарылатын жоспарлар бекітілді.

Магжан Ахмадина.