Білім

Оқулықтар алу үшін қосымша тағы 13 млн теңге бөлінді

Владимир Ткаченко, СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары

– Келесі оқу жылына бәрін алдын ала жоспарлап отырмыз. Қажетті оқулықтарға өтініш қаңтар айына дейін қабылданады. Сосын наурызға дейін байқау өткізіледі. Осылайша 2015 жылдың маусым, шілде айларында мектептерге толықтай қажетті кітаптар жеткізілмек.

Оқулықтардың дер кезінде мектептерге жеткізілмеу фактісіне қатысты қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары жауапқа тартылды.

Владимир Ткаченко, СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары
– Жергілікті атқарушы органдар бұл мәселеге қатысты білім бөлімдерінің басшыларына тәртіптік шара қолданды. Сонымен қатар оқулықтарды жеткізумен айналысатындарды сотқа бердік. Сөйтіп олар әрбір кешіктірілген күнге 01 пайыз өсімпұл төлемек.

Бұл проблема тек біздің облыста ған емес, оқулықтар Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Атырау өңірлеріне де дер кезінде жеткізілмеген.

Ахметова Бану.