Құқық қорғау органдары

Өңірде жедел іздестіру шарасы өтуде

Руслан Мұжұбаев, СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі

– Біз іздестіру операцияларының барысында із-түссіз кеткен адамдарды тез тауып, жоғалғандардың қатарын азайтуды көздейміз. Онымен қоса, біз шара аясында ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерді де іздейміз.

Тәртіп сақшылары 62 жасар Мұрат Жуасбаев, 63 жастағы Анатолий Пониделко мен 26 жасар Иван Свежининге іздеу салды. Соңғысының есте сақтау қабілеті нашар. Сондай-ақ, хабар ошарсыз кеткендердің қатарын 50 жастағы Уәлиханов ауданынан Тұрсынбек Бектеміров, Талшық ауылының 64-жасар тұрғыны Жәнібек Сапышев және Ғ.Мүсірепов ауданы, Привольное селосында тұрып келген 34 жасар Владимир ШулЕпов толықтырып тұр.

Руслан Мұжұбаев, СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі

– Жыл басынан бері облыс бойынша 72 қылмыскерге іздеу жарияланды. Бүгінде 57-сі ұсталды. Сондай-ақ, осыған дейін жоғалдыға саналып жүрген 72 өңір тұрғынының 62-сі табылды.

Егер де сіз жоғалған тұлғалардың жүрген жерін білетін болсаңыз төменде көрсетілген телефон нөмірі бойынша хабар беруіңізге болады. (39-40-07 / 39-40-37 / 39-41-79 ) Немесе 102 қысқа нөміріне қоңырау шалуыңыз.

Берик Касен.