Бизнес және экономика

Мемлекеттік бағдарлама қолдауымен кондитерлік фабрика жаңа қондырғылар сатып алды

Павел Белецкий- «Печенькино» кондитерлік фабрикасының наубайшысы

– Бұл қондырғы нан, нан өнімдерін пісіруге қолайлы. Мына «Солнышко» деп аталатын печеньелерді бұл пеш 200 градуста 19-20 минут пісіреді. Бірден 48 табақ салынады. Керекті режимді таңдасаң болғаны, оңай басқарылады.

Кәсіпорын алған екінші құрылғы- ол мына қамыр илегіш. Сыйымдылығы 100 литр болатын қондырғы қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, бұрынғы құралдарға қарағанда 2 есе көп өнім береді екен. Оны да мұндағылар ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы алған.

Елена Попова- «Печенькино» кондитерлік фабрикасының атқарушы директоры

– «Даму» қорымен біз бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатырмыз. Биыл біз 5 жылға 7 пайыздық мөлшерлемемен 25 мың евро алдық. Қондырғыларды жаңартып соның арқасында шығарылатын өнім көлемін ұлғайтудамыз. Бұл бағдарлама кәсіпкерлер үшін бизнесін кеңейтудің үлкен мүмкіндігі. Келешекте тағы да септігі тиеріне сенім мол.

Кәсіпорын күніне 2 тоннадан астам кондитер өнімдерін шығарады. Олардың мұнда 100-ге тарта түрі бар. Серіктестікте 60 адам еңбек етеді. Фабрикада шығарылатын тәттілер елімізде ғана емес, Ресей және Қытайда да үлкен сұранысқа ие.

Магжан Ахмадина