Әр түрлі

14 қазан дүниежүзілік стандарттар күні

Бейбіт Әбілев, техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім бастығы

– Бүгінде кедендік одақ елдеріне ортақ 47 техникалық регламенттің қазір 34-і күшіне енді. Біз семинардың арқасында бизнес, кәсіпорын өкілдерімен оның артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылаймыз.

Ақпараттық семинардан шағын және орта бизнес өкілдері жаңадан енгізілген техникалық регламенттер жайлы мол мағлұмат алды. Жиынға қатысушылар бұндай шаралардың біз үшін берері мол. Себебі елімізде стандарттардың жиі өзгеріп тұруына байланысты кейде қай талаптың жаңартылғанын білмейтін кездеріміз болады дейді.

Евгений Андреев, “Мұнаймаш” АҚ сертификаттау, метрология, стандарттау, техникалық бақылау бөлімінің басшысы

– Мұнаймаш” АҚ еліміздегі мұнай-газ саласына қажетті жабдықтар шығаратын бірден-бір кәсіпорын. Біз жаңа құрылғыларды сатып алғанда отандық сонымен қатар дүниежүзілік стандарттарды қатар қолданамыз. Сондай-ақ 2004 жылдан бері ИСО сапа менедментін енгіздік. Бұл компанияның қарқынды даму үшін қажетті шара.

Кейін техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаментінің мамандары осы уақытқа дейін жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесін баяндады. Биыл олар өткен жылмен салыстырғанда шағын және орта бизнес өкілдерін тексеруді 5 есеге қысқартқан. Мәселен, 2013 жылы 600 тексеріс жүргізсе, биыл оның саны 476-ға кеміді.

Берик Касен.