Спорт

Шинкиокушинкай каратэдан қалалық ашық чемпионат өз жалауын көтерді

Руслан Сәрсенбаев – СҚО Шинкиокушинкай каратэ федерациясының президенті

– Өткізіліп отырған чемпионатымыздың мақсаты жасөспірімдердің арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Патриоттыққа тәрбиелеп, ҚР-ың беделді азамтын өсіру.

Бұл турнирда жоғары белестен көріну әрбір қатысушының алға қойған мақсаты. Сол себепті де алғашқылардың бірі болып шыққан 7 жасар балалар кішкентай болса да белсенділіктерін танытуда.

10 мен 11 жас аралығындағы жеткіншектердің қатысуымен өткен жекпе-жекте тартысты болды. Көршілес Ресей Федерациясынан келген каратэші Владимир Карповқа көкшетаулық спортшы біраз тер төккізді. Алайда 3 жылдан астам уақыт бойы каратэмен айналысып келе жатқан Ишимдық жас спортшы осалдық танытпай, тәжірибесінің арқасында қарсыласын тізе бүктірді.

Владимир Карпов – турнирға қатысушы, Ишим қаласы

– Қарсыласым осал болған жоқ. Тәжірибесіде мол. Алайда мен бар күшімді салып тырыстым. Соның арқасына жеңіске қол жеткіздім.

Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге димплом және де кубоктар табысталады. Ал 1-і мен 2-і орындарға ие болған спортшылар өз өңірінің намысын республикалық және де халықаралық додаларда қорғайтын болады.

 

Риат Шони.