Құқық қорғау органдары

Қоқысты орынсыз шашып-төккен тұрғындар жазасыз қалмайды

Александр Федоров – автокран жүргізушісі

– Құрылыс орнынан шықтым. Көлік доңғалағында балшық қалып қойды. Шамалы көшені ластадым. Енді мұндай салғырттыққа жол бермеймін.

Осындай олқылыққа жол берген жүргізушілер мен олардың басшыларына жүктелетін әкімшілік жауапкершілік ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 387-бабында жазылған.

Шәмшиден Ақышев – Петропавл қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары

Біз қала көшелерінде жүретін жүк көліктерін қадағалап отырамыз

Тәртіп сақшылары осы бағыттағы жұмыстарын, яғни қоқыс шашатын және жолды бүлдіретін тұрғындарды анықтау іс-шараларын жыл соңына дейін үзбей жүргізбек.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді

Бакыт Садуакасов.