Спорт

“Динамо” футбол клубы Петропавл қаласының чемпионы

Ойынның басында қателікке бой алдырған динамошылар, шабуылдарына қарқын қосып, тізгінді өз қолдарына алды. Қарсыластарын тығырыққа тіреп, қауіпті сәттер туғызды. Кездесудің 29-ы минутында алға суырылып шыққан Роман Силеверстов есеп айырмасын қысқартты.

Динамо ойыншыларына есепті теңестіруде айтарлықтай қиындық туғызған жоқ. 7 минуттан кейін 12-і нөмірдегі Стас Богданов мергендік танытты.

Есепті теңестіруге жол беріп қойған қарасайлықтар алға шығуға ұмтылғанымен іс-әрекеттеріне түк пайда шықпады. Керісінше қарсыластары “Динамо” командасы кэм бэк жасап, 38-і минутта Роман Силеверстов дубльдің авторы атанды.

Осы қарқынмен бірінші таймда мәресіне жетті. Қос команда үзіліске 2-3 есебімен тарасты.

Рустам Малабаев – “Қарасай” ФК жартылай қорғаушысы

– Бірінші таймнан кейін есеп 2-3, ұтылып жатырмыз. Бірақ мұнымен ойын біткен жоқ. Алда әлі екінші 40 минут бар. Соңғы минуттарға дейін шабуылдап тырысамыз. Дегенменде қарсыластарымыз мықты. Жеңімпазды уақыт көрсетеді.

Екінші таймда қарасайлықтар еселерін қайтарғылары келгенмен қолдарынан келмеді. Күн суық болса да ойынды тамашалауға келген жанкүйерлердің өкінішіне орай екінші 40 минуттықта еш қақпаға гол соғылмады. Осы қарқынмен кездесуде өз мәресіне жетті. Қарсыласын 2-3 есебімен жеңген “Динамо” құрамасы Әуесқой командалар арасында ұйымдастырылған қала кубогынің иегері атанды.

Валерий Евдокименко – Петропавл қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы

– Биылғы футбол маусымы тартысты болды. Былтырғы жылы турнирге 8 команда қатысса, биыл 16 құрама өз бақтарын сынады. Осындай жарыстар еңбек демалысында жүргендер спортшылардың шеберлігін шыңдауына септеседі. Сонымен қатар өскелең ұрпақты да салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және де кубоктармен марапатталды.

Риат Шони.