Балалар

Петропавлда “ПетроFEST” атты жастар фестивалі өтті

Азамат Шәймерденов, “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ атқарушы хатшысы

– Петрофест” атты жастар фестиваліне өңірдің барлық жастары қатысуда. Бұл шараны біз “Жас Отан” ЖҚ-ты және қоғамдық шараларға белсенді қатысып жүретін жастармен бірлесіп ұйымдастырдық. Аталмыш шара арқылы біз әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын көздедік. Оның бірі “Биле Қазақстан” деп аталады.

Ұйымдастырушылар “Петрофест” атты жастар фестивалінің жақсы өтуіне барлық жағдай жасапты. Олар қаламыздағы поп, реп стиліндегі әншілерді және паркур сияқты субмәдениетке жаны жақын жастардың басын қосқан. Мұндай шаралардың шаһарымызда жиі өткізілуі жастарды жаман әдеттен аулақ болуға шақырып, ұнамды іспен айналысуға түрткі береді деген ойда ұйымдастырушылар.

– Мұндағы мереке жақсы өтіп жатқаны соншалық, Мен тіпті бүгін күннің суық екенін де ұмытып кеттім.

– Фестивальдің өту деңгейі жаман емес. Мен осы шараны ұйымдастырған адамдарға алғысымды айтамын. Мұнда өнерлі жастар көп жиналыпты. Маған әсіресе қыздардың биі ұнады.

Сондай-ақ, “Петрофест” фестивалі аясында қайырымдылық жәрмеңке өткізілді. Онда көңілді шараға келушілерге қолданбалы қолөнер туындылары, жұмсақ ойыншықтар, шаһардың көрікті орындары бейнеленген фото суреттер, дәмді бәліштер мен тәтті тоқаштар ұсынылды. Жәрмеңкеде жиналған қаражат, науқас, жетім және мүгедек балалардың мұқтаждықтарына жұмсалмақ.

Берик Касен.