Балалар

Петропавлда облыс әкімінің кубогына “Жайдарман” сайысы өтті

– Мен – “Тимирязев” құрамасының жанкүйерімін. Оларға сенім артамын.

 

“Жайдарман”, тек қана алға. “Шал ақын” құрамасы алғашқы орындардың бірін алады деп сенеміз.

– Мен – “Серпін” командасының жанкүйерімін және де бас жүлде алады деп сенемін. “Серпін” алға!

“Жайдарманда” оңтүстік өңірлерден келген қыз-жігіттері де жарқырап жүр. “Серпін-2050” мемлекеттік бағдарламасы аясында М.Қозыбев атындағы СҚМУ мен Теміржол колледжіне білім қуып келген жастар “Серпін” және екіншісі “Теміржол арландары” құрамаларын жасақтаған.

Назерке Қайырбек – “Серпін” командасының ойыншысы

– Біздің командамыздың аты – “Серпін”. “Серпін” деп аталуымыздың себебі оңтүстіктен келген студенттер жиналып өзіміз команда құрған болатынбыз. Біздің командамызда қазір 7 адам бар. Алдағы уақытта үлкен жеңіспен ораламыз деген үміттемін.

Өңірде “Жайдарман” ойындарын өткізу жақсы дәстүрге айналған. Бұл жолғысы “Әдеби маусым” деп аталды. Сондықтан қазылар алқасы мемлекеттік тілдің тазалығы мен көркемдігіне басымдық берді.

Әсемгүл Есқожа – Азаматтық бастамаларды дамыту орталығының директоры.

 

– Жастар саясаты басқармасының қолдауымен бүгін міне облыс әкімінің кубогіне мемлекеттік тілде “Жайдарман” ойыны өтіп жатыр. Бүгін қаламызға келген қонақтарға көптен-көп рахмет. Сырттан 3 топ, 2 аудандық топтар қатысып отыр. Әрине, ауданнан келген және біздің өзіміздің топтарға үлкен сенім артамыз.

Сайыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің кубогын әскери институттың курсанттарынан құрылған “Ұлттық ұлан” командасы жеңіп алды. Жиылған жұртты орынды қалжыңдарымен езу тарттыра білген командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Акбопе Танирбергенова