Балалар

Патриоттық автошеру Қызылжарға жетті

Бақтыбай Жайлау – Экспедиция мүшесі.

– Сапарымыз Елбасының қолдауын тауып, 5-ші қазан күні шығып кеттік жолға. Бізді өте жылы қарсы алды. Жүрген жерімізде қолдап, қоштап жатыр барлығы. Біз соған ризамыз. Біздің қазіргі экпедициямыз тек біздің жобамыз емес, халықтың шараға айналып кетті.

Экспедициялық топ осыған дейін Ақтау қаласымен , Атырау, Орал, Қостанай облыстарында болған. Петропавл олар аялдаған 5- ші қала. Қазақтың қай өлкесі болмасын бай, мәдени-тарихи ескерткіштерге толы дейді,- шараға қатысушылар.

Бақтыбай Жайлау – Экспедиция мүшесі.

– Экпедицияның аты өзінен бұрын келе жатқандығы соншалықты, барлық аймақтар хабардар болып, тіпті бізді таң қалдырғандары Петропавлға жетпей жатып, Ғабит Мүсірепов ауданының жастары бастап жолдан күтіп алғаны бізді ерекше риза етті. Біз барлық жастарды сіздер арқылы қатарымызға тартамыз.

Осылайша экпедицияға қатысушылар әр өңірдің тарихи-археологиялық ескерткіштерімен танысып, тың ақпараттар жинамақ. Шараны Солтүстік Қазақстанның жастары да қолдап отыр.

Серік Айдарбеков – СҚО жастар саясаты жөніндегі басқарманың бас маманы.

 

– Вивага лада бізге 7 машина беріп, сол машинада отырған жастар ең белсенді жастарымыз. Ол «Жас отан», «Жас Ұлан», және басқа жас ұйымдардан балалар қатысып отыр.

«Солтүстік Жұлдызы» саябағынан бастау алған автошеруге 10 – нан астам көлік қатысты. Олар Петропавл қаласының көшелерімен жүріп өтіп, көрікті жерлерді аралады. Экспедиция мүшелері 2 ай ішінде еліміздің барлық қалаларында болуды мақсат етіп отыр. Осылайша жоба соңында арнайы фильм және фотокітапша шығарылмақшы. Айта кету керек жиһангерлер аялдайтын келесі нысан Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласы болмақ.

Джакупов Самат.