Қоғам

Отбасылық құндылықтардың беделін арттыруға арналған семинар өтті

Әсем Қызтуғанова

– Өзімнің де тұлға ретінде қалыптасуыма бұл семинар өз әсерін берді. Бірінші сағаттан бастап көп нәрсені білдім. Бұрын мен он екі мүшеге бөлуді білмейтінмін. Ет біздің қазақ халқымыздың ең керемет сүйіп жейтін тамағы саналған. Оны мүше-мүшеге қалай бөлу мен үшін қызықты болды. Өзім үшін көптеген пайдалы ақпарат алдым.

Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық салт-дәстүріміз бен отбасылық құндылықтарымыздың мәртебесі жоғалып бара жатқаны көпке аян. Әсіресе, қоғамда балалардың ата-анасына деген құрметі төмендеп барады. Сондай-ақ, ата-бабаларымыздан бізге дейін жеткен дәстүрлеріміз соңғы уақытта күнделікті қолданыстан қалып қойған жайы бар. Осы кемшіліктерді ескере отырып биылдан бастап ҚР Білім және Ғылым министрлігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері жастар арасында тың жобаны жүзеге асыра бастады.

Ләззат Асқарова – “Бес Асыл” ҚБ директоры

– Біз осы семинар-тренингте бүгінгі актуалдық мәселелерді көрсетеміз. Негізінен балалар мұндай тренингтердің қажет екенін түсінеді. Мысалы, бұрын қазақтарда жетім бала болмаған, бұл қазір қайдан пайда болған?! Бұл мәселені көтергенде жаңағы жас қыздарымыз өздері ойланып қалды. Семинар тек ақпаратты түрде өтпейді, онымен бірге көп ойын көрсетеміз.

Ұйымдастырушылар келесі семинар-тренингті Қостанай қаласында өткізбек.

 

Бакыт Садуакасов.