Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Бельгиялық делегацияны қабылдады

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Бүгіндері мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға үлкен қолдау көрсетіледі. Өз ісін ашамын дегендерге түрлі бағлдарламалар жасалған. Инвесторлар үшін де қолайлы жағдайлар жасалуда. Сондықтан сіздердің компанияларыңыз Бельгия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға үлес қосады деген сенімдемін.

Бельгиялық компанияның басшысы Ян Ван Хоолдың айтуынша, кәсіпорындағылар қоғамдық көлік нарығын біраз уақыттан бері зерттеп келеді. Сондықтан компания өкілдері облысымызбен әріптестік орнатуға мүдделі екендіктерін жасырмады.

Ян Ван Хоол – «VanHool» компаниясының құрылтайшысы

– Сіздердің облыстарыңызда бұл салаға жақсы көңіл бөлінетіндігін байқадық. Сондықтан, қазір автобус өндірісін жолға қою үшін серіктес іздеп жатырмыз. Ең бастысы, бірлесіп шығарған өніміміз сапалы әрі бәсекеге қабілетті болса болды.

Жиын аяқталған соң бельгиялықтар өңір жетекшісін оларда шығарылатын автобусты көруге шақырды. Жалпы «Van Hool» – Еуропадағы ең ірі автобус зауыттарының бірі. Жыл сайын ол 1300-1500 автобус, 3500 тіркеме және одан басқа да техника түрлерін шығарып, әлем елдеріне экспортқа шығарады екен.

Магжан Ахмадина.