МТРА жаңалықтары

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы жақсы қарқынмен жүзеге асырылуда

Антон Федяев,СҚО ТКШ және энергетика басқармасының жетекшісі

– Жоспарланған үйлердің 33-нің шатыры, 13 баспананың қас беті, 27-сінің инженерлік желілері қайта қалпына келтірілсе, 11 үйдің подъезі жөнделеді. Және 17-сінің көтерме сатысы жаңасына ауыстырылмақ. Ал жалпы бағдарлама жүзеге асқалы оның шапағатына ие болған тұрғындардан қайтарылған сомма 388,4 млн теңгені құрайды.

Қазақстан Конституциясы көшесі, 32 мекен-жайындағы мына көпқабатты үйге 50 жыл болған. Осы уақытқа дейін жөндеу көрмеген баспананың төбесінен қар еріп, жаңбыр жауса болғаны су тамшылайтын еді дейді тұрғындар. Сондықтан олар тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының көмегіне жүгінген.

Любовь Ануфриенко, “Конституция Казахстана 32” ПИК төрайымы

– Жөндеу жұмыстарын “Мирас Group” ЖШС жүргізді. Баспананы қайта қалпына келтіру шаруасы маусым айында басталған болатын. Қазір бар шаруа толығымен аяқталғанымен кәріздік желілердің кейбір жерін қайта жөндеу керек. Және екінші подъезге есік қою қажет.

4 қабатты баспана 43 пәтерлі. Үйдің шатыры мен кәріздік желілер және подездерді жөндеу үшін бағдарлама аясында 17,4 млн теңге бөлініпті. Қазір бұл жұмыстар толығымен дерлік аяқталған.

– Подъездердің іші де жаңа кейіпке енген. Сатылары мен қабырғалары әрленіп, сырланған. Терезелері мен есіктері де жаңасына айырбасталыпты. Алдағы уақытта тұрғындар үйдің маңайын абаттандыруды жоспарлап отыр. Б.Ахметова, Т.Рахматулин. МТРК.