Билік

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ саяси бюросының отырысы өтті

Иван Турков- Жамбыл ауданының әкімі

– Ауданда 1103 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бүгіндері ауданда 187 нысан тексеруден өтті. Солардың 5-н 2014 жылы мүгедектерге қажетті қондырғылармен жарақтау көзделген болатын. Солардың тек 1-де ғана бүгіндері жұмыстар басталды. Қалған 3-уі жыл соңына дейін аяқталады. Ал тағы бірі ендігі жылға көшірілді.

Мамлют ауданында да мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп- тұруы үшін қолайлы жағдай жасауда бірқатар шаруалар тындырулуда. Десе де, жұмыс барлық жерлерде сылбыр жүруде. Сондықтан өңір жетекшісі екпін қосуды жүктеді.

Ерік Сұлтанов- «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі

– 2 жыл ішінде бұл жұмыстарды толық аяқтау қажет. Аудандарда мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүріп- тұруына жағдай жасалу тиіс. Сондықтан істелмеген жұмыс уақытылы еңсеріліп, дұрыс жасалмаған қондырғыларды түзету қажет.

Жиында қозғалған келесі мәселе ол партиялықтардың сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысы болды. Саяси кеңес мүшелері «Ұлт саулығы» бойынша партиялық куратор Анатолий Рафальскийдің есебін тыңдады. Өңірдегі денсаулық саласының дамуында бірқатар ілгерілеушіліктер байқалады. Жыл басынан бері облысмызда ана өлімі байқалмаған. Онымен қоса туберкулез бен онкологиялық аурулардан қайтыс болғандар тіркелмеген. Алайда соңғы кездері жарақаттар мен уланудан көз жұматын солтүстікқазақстандықтардың саны артқан.

Анатолий Рафальский- облыстық мәслихат депутаты

– Ағымдағы жылдың 6 айында өңірімізде жарақаттар мен уланудан 426 адам көз жұмған. Олардың 295-і аудандарда болса, қалғаны облыс орталығында тіркелген. Ал 2013 жыл ол 428 адамды құраған. Өсім анық байқалады.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар бұқаралық спортты дамытудың маңызын сөз етті. Ерік Сұлтанов бұл бағытта бірқатар істің басы қайырылғанын айтты.

Ерік Сұлтанов- «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі

– Барлық жерлерде балалар алаңдарын салып, волейбол, футбол ойнайтын қорапшалар жасақтау керек. Биылғы жылы 300 хоккей алаңын салуға тапсырма бердім. Ол істер уақытылы аяқталуы тиіс.

Жиын соңында жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің құрамын өзгерту мәселесі қарастырылды. Оның қатарынан екі адам шыққан болатын.

Магжан Ахмадина.