МТРА жаңалықтары

Инвестициялық бағдарламаның тиімділігі

Абай Сәдуақасов- «Қызылжар су» ЖШС №10 КСС машинист- операторы

– Былтырлар келгенде мұнда ескі қондырғылар болатын. Задвижка, моторлардың барлығын қолмен ашатынбыз. Енді бәрі электрлі, тетікті басасың, құрылғылар өздері ашылып, жұмыс істейді. Насостар кезекпен жұмыс істейді. Кейде екеуі де жұмыс жасайды. Сосын тағы резервті біреуі бар.

Мұнда 9 сорғыш станциядан кәріздік ағын сулар жиылады. Оны жөндеуге серіктестік 40 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған. Оның 20,5 млн теңгесі инвестициялық бағдарлама аясындағы қаржы болса, қалғаны кәсіпорындағы жөндеу қорынан алыныпты. Жалпы қала бойынша осындай 19 кәріздік сорғыш станция бар. 2015 жылы олардың тағы 5-де жөндеу жүргізіледі деп күтілуде.

Арман Сауытов- «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры

– Биыл инвестициялық бағдарлама аясында 332 млн теңге және тағы жөндеу қорынан 400 млн теңге қаржы жаңғырту жұмыстарына қарастырылды. Жалпы бүгіндері біздегі желілердің 70 пайызының тозығы жеткен. Сондықтан бұл бағдарлама арқасында сол ескі құрылғыларды алмастыруды көздеп отырмыз. Бұл жоба 3 жылға жалғасады. Сол аралықта біраз тозығы жеткен станцияларды жаңартамыз деген ой бар.

Ал мынау қысымды қамтамасыз ететін сорғыш станциясы. Биыл мұнда да жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Оның мақсаты көпқабатты биік үйлерді сумен қамтамасыз ету.

Ержан Құсымбаев- «Қызылжар су» ЖШС сумен қамту кешенінің басшысы

– Мұнда да немістің заманауи қондырғылары қойылды. Олар энергия үнемдеуге септеседі. Бұрын біз 5 кват болса, енді 2,5 тұтынамыз. Ғимараттың іші- сырты толық жөндеу көрді. Мұнда заманауи жылыту жүйесі қойылды. Ол қалыпты температураны ұстап тұрады.

Қазір қаладағы тағы бір қысымды қамтамасыз ететін станцияда жөндеу жүргізілуде. Бұдан өзге сушылар Борки кентіндегі кәріздік коллекторды қалыпқа келтірген. Оған 25 млн теңгеден астам қаржы жұмсалыпты.

 

Магжан Ахмадина.