МТРА жаңалықтары

Биыл Петропавлда жылу бекеттерінің 5-уінде қондырғылар жаңартылды

Валерий Чепурнов, “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС сорғылау қондырғыларының машинисті

– Осы бекетте 4 адам ауысым бойынша еңбек етеді. Осыған дейін олардың жұмысы ауыр болатын. Бұрынғы тозығы жеткен машиналар жиі сынып, ақаулар орын алатын. Қазір жағдай түзелді. Мұндағы машиналардың бәрі жаңа. Апат орын ала қалса, осында 2 резревтік сорғыны орнатып қойдық.

Бұл №3 жылу бекеті. Қаныш Сәтпаев көшесі, 36 мекен-жайында орналасқан. Бүгінде ішіндегі тозған қондырғылары толығымен жаңасына ауыстырылып, барлық жүйе автоматтандырылған. Мұндағы қондырғылар бірнеше уақыт тоқ көзінен ажыраса да, істен шықпай, ыстық су айналысын тоқтатпай, осы маңдағы 8 баспананы үздіксіз жылумын қамтамасыз етеді. Мына 2 бірдей жылу алмастырғыш машина ресейлік өнім. Қондырғының тиімділігі сол, ол мұздай суды кем дегенде +60 градусқа дейін ысытып, тіршілік көзінің салқындап кетпеуін өздігінен реттеп отырады. Жалпы “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС осыған дейін қыруар жұмыс атқарған.

Игорь Рыбас, “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС бас директоры

– Бүгінде мекеме жұмысшылары жылу құбырының 12 шақырымға жуығын алмастырды. Еуропалық қайта құру және даму банкінен алған несиеге және инвестициялық бағдарлама аясында қаламыздағы Абай, Алтынсарин көшелеріндегі №-і 1-ші және №-і 2-ші жылу магистарльдерін қайта қалыпқа келтірдік. Сондай-ақ қазір қаламыздағы жылу желілерінің 1,5 шақырымын жылу өткізбейтін изоляциялық жабынғымен қаптап жатырмыз.

Жалпы “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС соңғы 3 жыл ішінде облыс орталығындағы 12 жылу бекетін қалыпқа келтірді. Компаниядағылар жаңғырту жұмыстарын кестеге сай жүргізіп жатыр.

 

Берик Касен.